18.09.2019
Костанай облысында семинар өткізілді
Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы: қағидаты және халықаралық құқық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнатуға үлкен мән береді: «Қоғамдық диалог, ашықтық және адамдардың қажеттіліктеріне жедел әрекет ету - мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдық болып табылады» - дейді ол. Сонымен қатар, «күшті аймқтар - қуатты ел» бөлімінде билікке қол жетімділікті жақсарту арқылы жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру туралы айтылады. Мұның бәрі ашықтықты арттыру, билікке деген сенімді нығайту, билік пен халық арасындағы далогты дамытуға құралы болып табылатын жерілікті өзін-өзі басқару институтына ерекше көңіл бөлінгендігін көрсетеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару барлық кезеңдер мен аумақтарда болды. Рим империясында метрополия жергілікті қоғамдастықтарға басымдылықты түрде салт-дәстүрлермен, наныммен, тіршіліктің жергілікт құрылысымен байланысқан кейбір мәселелерді шешу құқығын берді. Кеңес Одағында жергілікті кеңестер сондай-ақ бірқатар жеке өкілеттіктеріне ие болды. Тарихта жергілікті қоғамдастықтың өздерінің мәселелерін өздерінің жауапкершілігімен шешпеген басқару жүйесі болған жоқ. Мәселес осы өкілеттіктердің көлемі мен кеңдігінен құралады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ең қарапайым түрі – бұл көршілер арасындағы бірлесіп тұру ережелері туралы шарт. Жатақхана асүйіндегі кезекшілік кестесі – бұл да жергілікті өзін-өзі басқару түрі. Азаматтардың қатысуы – бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың базалық, табиғи сипаттамасы екендігін түсіну қиын емес. Бірақ осы қатысу түрлері төтенше алуан түрлі. Түрлерін таңдау тарихи алғышарттармен, халықтық дәстүрлермен, дінмен және ырымшылдықпен, осыдан кейін ғана – заңнамамен, ұлттың және мемлекеттік қажеттіліктерімен шартталған.
Барлық деңгейдегі сайлау қоғамның шешімдерді қабылдау процесіне әсер етудің ең маңызды құралы болып табылады. Бірақ қазіргі әлемде азаматтың жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау құқығы – бұл тек қана сайлау арасындағы аралықтарда шешімдерді қабылдау процесіне әсер ету мүмкіндіктерінің үлкен палитрасын қамтитын азаматтық қатысудың бір құралы екендігін түсіну маңызды. Сайлау мезгіл-мезгілімен ғана өткізіледі, ал сайланған көшбасшылардың шешімдері тұрақты, күн сайын қабылданады, бұл орайда тәжірибеде бұл шешімдер сайлауалдыңғы бағдарламадан елеулі ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан сайлау шешімдердің өздеріне қарағанда шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың шеңберін қалыптастыруға көбірек әсер етеді. Сәйкесігше, қабылданатын шешімдерге әсер ету үшін сайланатын өкілдер мен олардың сайлаушылары арасындағы тұрақты өзара әрекеттесу механизміне қажеттілігі туындайды. Азаматтық қатысу ерекшелігі осыдан құралады: ол басқару органдарына жүктелетін сайлау және шешімдерді қабылдау бойынша өкілеттіктерді ауыстырмайды. Азаматтардың шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы қоғамдастық қажеттіліктеріне анағұрлым дәл бағасын тұрақты ұсынып, ЖӨБ органдары мен азаматтарда муниципалитетті дамытуы үшін ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастырып, сайланған билік саясатын түзейді.
Азаматтық қатысу немесе қоғамның қатысуы құқық және тәжірибе мәртебесін біртіндеп алатын саяси қағидат болып табылады. Қоғамның қатысу қағидаты адамның пікір және жиналыс бостандығына аналған негізгі құқықтарынан туындайды және шешімнің таралатын тұлғалардың осы шешімді қабылдауға жетелейтін процеске қатысу құқығына ие болатынын белгілейді.
Осы қағидаттың үш негізгі құрамдаушысы бар:
4) тікелей қатысу, бұл саналы механизмдер мен процедураларды құруды талап етеді;
5) азаматтардың мұқтаж болатын және әсер етуді қалайтын мемлекеттік және муниципалдық саясат, жоспарлары, бастамалары туралы ақпараттарға қолжетімділік;
6) алғашқы екі құрамдаушыларды жүзеге асыру кепілдігі ретінде әділ соттылыққа қолжетімділік.
Қоғамның шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы – бұл халықаралық құқық нормасы, десек те ол тәжірибеде кеңінен қолданылуын бастап отыр. Қатысу қағидаты адамның негізгі құқықтарынан туындайды, ал оның негіздерін адамның құқықтары бойынша кейбір жалпы құжаттардан табуға болады. Адам құқықтарының жалпылай декларациясы «тікелей немесе еркін сайланған өкілдері арқылы басқаруға қатысу құқығына», сонымен қатар «халықтың еркі үкімет билігінің негізгі болуы керек» дегенге сілтеме жасайды. Бұл қағидат Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіде, Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде қайталанады.
Қоғамның қатысу қағидаты сондай-ақ қоршаған ортаға және даму тұрақтылығына қатысты (Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция, БҰҰ климаттың өзгеруі туралы жиектемелік конвенциясы, БҰҰ дамуға құқығы туралы декларациясы) бірқатар салалық халықаралық шарттар мен декларацияларда бейнеленген.
Тәжірибеде қоғамның қатысуы мемлекеттік органдардың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының олардың проблемаларын, қажеттіліктері мен құндылықтарын өздерінің шешімдеріне қосу мақсатында қоғаммен кеңесетін процесс болып табылады. Бұл басқарушы қағидаттар мен тәжірибелерді құруды талап етеді, олар қоғамға қоғамдық проблемаларды анықтауға және шешуге көмектесетін қоғамдық тыңдаулар, кеңестік комитеттер, қоғамдық кеңестер, фокус-топтар, сауалнама және сұхбаттасу сияқты әртүрлі әдістерді пайдаланып, саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа шешімдерге өзінің үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Қоғамның қатысуының жалпы мақсаты консультацияларды жүргізу жолымен мемлекеттік мекемелер мен әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін келісімдеуден құралады.
Қоғамның қатысу механизмдерінің үлкен таңдауы бар, алайда олар азаматтардың жергілікті деңгейдегі шешімдерді қабылдау процесіне тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін сақтауды қажет ететін жалпы қағидаттарға, критерийлер мен негізгі ережелеріне ие:
- заңның тиімділігі және үстемдік құруы азаматтардың басқару және шешімдер туралы ақпараттарды жеңіл алатынын (жоспарлы және орындалған), сонымен қатар соттық қорғанысын алу немесе билік өкілдерінің ақпараттарды ұсынбау шешіміне шағым түсірудің шынайы мүмкіндігіне ие екендігін білдіреді;
- инклюзивтілік немесе жұмылдырылғандық шешімдерді қабылдау процесіне бұл қоғамдастықтың барлық тиісті топтары жұмылдырылғанын, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздерінің шешімдерінде барлық топтардың қажеттіліктерін ескеруге ұмтылатынын білдіреді;
- икемділік жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен азаматтық қоғамның азаматтардың шешімдерді қабылдау процесіне қатысу құралдары мен әдістерінің максималды кең шоғырын қолдану мүмкіндігіне ие болатынын білдіреді;
- тәуелсіздік азаматтардың шешімдерді қабылдау процесіне қатысуына көмектесу үшін құрылған ұйымдардың тәуелсіз мәртебесіне ие болатынын білдіреді;
- ашықтық азаматтардың өздерінің шешімдерді қабылдау процесіне қатысу құқығын жүзеге асыруы үшін қағидаларды, механизмдер мен институттарды білетінін білдіреді.
Бұл қағидаттар белгілі бір дәрежесінде өзара байланысқан және «минималды стандарттар» ретінде қарастырылуы мүмкін.
ҚР Үкіметі қабылдаған барлық шараларға қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыру жергілікті қауымдастықтардың, жергілікті сайланған органдардың жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып белсенді қатысуы арқылы ғана мүмкін болады.
Өзін-өзі басқарудың сәтті және нәтижелі болуы үшін ауылдық қауымдастықтар бюджеттік мәселелерге дейін өз ауылдарын дербес басқаруға дайын болуы қажет. Бұл қазіргі кезде жеткіліксіз болып табылатын тұрғындардың білімділік мен ақпарат алуын талап етеді.
Жергілікті қауымдастықтың дамуы, шешім қабылдау процесіне қатысу мен шоғырлануға белсенділікті арттыру, олардың атқарушы билікпен өзара әрекеттесуі – бұның бәрі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізі болып табылады.
Мемлекет ауылдық округтер мен аймақтарда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қолдайды. Оған дәлел "Азаматтық диалогты және қатысуды жергілікті өзін-өзі басқару негізі ретінде жүргізу" жобасы, ол тұрғындардың азаматтық қауымдастықты басқаруға, олардың тұрғылықты жерлерін дамыту мәселелерін шешуге, халыққа қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, өз қауымдастықтарының күшімен әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерді шешуге бағытталған.
Сонымен, «Жергілікті қауымдастықтардың өзін-өзі басқару мен шешім шығаруға белсенділік танытып, қатысуы» семинары Ақмола облысының Қабанбай батыр ауылында өтті, және де Қабанбай батыр, Нұра, Қызылжар, Сарыадыр ауылдарының халқын қамтыды. Барлық қатысушылар саны – 25 адам. Тренинг Қабанбай батыр ауылындағы Мәдениет клубының ғимаратында өтті. Оқыту бағдарламасы ауыл тұрғындары, жергілікті қауымдастық мүшелерімен ҚР жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қатысқан 50 сұхбатты қорытындылау негізінде дайындалған. Тренинг аясында жергілікті қауымдастықтардың шешім қабылдау процесінде белсенділігін арттыруға бағытталған ЖӨБ негізгі тақырыптары енді, олар: Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері, Облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кірмейтін ауылдардың әкімдерін таңдау, Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі, «Әкімдікке үміткердің сайлауалды бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру» тақырыбындағы іскерлік ойын.
Семинардың ұйымдастырушылары:
"Global Success of People" (Адамдардың Елеулі Жетістіктері) Қоғамдық қоры.